«Таңшолпан». 26 қазаннан бастап еліміздің кинотеатрларында «Брат или брак?» фильмі көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 26 қазаннан бастап еліміздің кинотеатрларында «Брат или брак?» фильмі көрсетіледі

19.10.2017

26 қазаннан бастап еліміздің кинотеатрларында «Брат или брак?» фильмі көрсетіледі.

Осыған орай актер Дәурен Серғазин, актриса, продюсер Құралай Анарбекова студия қонағы болды.

«23 қазанда Астана қаласында киноның тұсаукесері өтеді. Ал, 26 қазаннан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

Мамандығым продюсер болғандықтан, мақсатым - осындай толықметражды фильм түсіру болды. Бұл киноға дейін де тәжірибем болды, бірнеше сериал түсірдім. Ендігі туындыма бес жылдай дайындалдым. Сценарий авторы осы сценарийді алып келгенде қатты қуандым. Актерлер құрамы мықты. Кино халықтың көңілінен шығады деп ойлаймын», - дейді Құралай Анарбекова.

«Театрда комедия жанрында ойнап үйренгенмін. Драмалық рөлдер ойнап үйренген соң, комедия жанрында ойнау қиынға соқты. Алайда режиссер, актерлердің көмегімен рөлді тез алып кетуге тырыстым», - дейді Дәурен Серғазин.

Хабарламаларға жазылу