Алматылық әскери қызметші Рауан Әбілхановтің жетістігі Қазақстанның рекордтар кітабына енді
Алматылық әскери қызметші Рауан Әбілхановтің жетістігі Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Құрлық әскерлері әскери институтының сержанты 350 шақырымды 2 тәулікте, яғни, 47 сағат 23 минутта жүгіріп өтті.
Спортшы әр 50 шақырым сайын тынығып отырған. Рауан Әбілхановтың жеңіл атлетикамен айналысқанына он жылдан асыпты. Рекордсмен Алматыда және еліміздің Қарулы күштерінде өткен бірнеше марафонның жеңімпазы. Марафоншыны мәре сызығында әріптестері, туыстары мен достары күтіп алды. Салтанатты жиында Қазақстан Рекордтар кітабының өкілдері оған тиісті сертификатты табыс етті. Ал достары автокөлік сыйлады.
Рауан Әбілханов, Құрлық әскерлері әскери институтының сержанты:
Өзімнің мақсатыма жеттім деп білемін. Жүгіріп келе жатқан кезде қаншама қиындықтар болды. Көптеген қарулы күштердің, өзімнің бүкіл отбасым және ұжымның сенімін ақтауға тырыстым.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем жаңалықтарына шолу
14.07.2026, 20:13
Франция мен Испания финал жолдамасы үшін таласады
14.07.2026, 20:13
Есік көлінің маңы қоқыстан тазартылды
14.07.2026, 20:13
Саясаткерлер мен партияларға бөлінетін қаржы қатаң бақыланады
14.07.2026, 20:12
Халықтық Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
14.07.2026, 20:11
Саясаттанушы: Құрылтай – үлкен саясат алаңы
14.07.2026, 20:10
Заңгер, қоғам қайраткері Сабыр Қасымовтың 75 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті
14.07.2026, 20:09
Құрылтай депутаттығына 546 үміткер ұсынылды
14.07.2026, 20:09