Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгілді

27.02.2024

Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгілді. Әлеуметтік желіде қондырғы құбырларынан сұйықтық төгіліп, бұрқақ боп атқылап жатқан видео тарады. Зауыттағылар ақпаратты растады. Кеше кешкісін бензин коллекторында жанар май кеткені анықталған. Өнімді тез ығыстыру үшін желіге қысыммен су жіберілген. Қазіргі уақытта ақау жөнделді. Барлық технологиялық қондырғы қалыпты жұмыс істеп тұр, мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Әзірге қанша бензин төгілгені айтылмады, қызметтік тергеу басталды.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу