Атырау коронавирустың екінші толқынына дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау коронавирустың екінші толқынына дайын

13.11.2020

Атырау облысындағы емдеу мекемелері коронавирустың екінші тоқынына сақадай сай. Медицина саласында кадр тапшылығы да шешілді. 93 жас маман жұмысқа тартылды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Өңірде өткір тұрған экология мәселесіне де тоқталды. Енді экологиялық проблеманы шешу - ірі мұнай-газ кәсіпорындарына жүктеледі.  

Қара алтын өндіруге атсалысатын компаниялар, жыл сайын 100 мың көшет отырғызуы тиіс. Облыс әкімі халықтың наразылығын тудырған қала аумағындағы Мұнай өңдеу зауытының басқа жаққа көшірілмейтінін жеткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, 1 қараша күні зауыттан ақау шығып, көп мөлшердегі мұнай аралас су буландыру алаңына төгілді. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Зауыт басшылығы кінәләрін мойындады.

Жандос Темірғали

Атырау

Хабарламаларға жазылу