Үкіметте отын-энергетика кешенін демонополизациялау талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте отын-энергетика кешенін демонополизациялау талқыланды

12.04.2022

Мемлекеттік органдардың отын-энергетика кешенін демонополизациялау жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазір Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай химия зауытында сұйытылған мұнай газын сақтау парктері мен құю эстакадалары технологиялық тұрғыдан бөлінгенін және жеке ұйымдарға тиесілі екенін жеткізді. Тұтынушыларға сақтау және құю қызметтері қосымша ақыға көрсетіледі. Бұл газдың бағасына әсер етеді. Осыған байланысты технологиялық байланыстағы нысандарды мұнай өңдеу зауыттарының балансына қайтару керек. Мәселе Үкіметтің жіті назарында.

Нысан Ығыл

Хабарламаларға жазылу