Қытай мен Тайвань арасында шиеленіс күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай мен Тайвань арасында шиеленіс күшейді

21.02.2024

Қытай мен Тайвань арасында шиеленіс күшейді. Жағдай аралдың жағалау күзеті өз аумағындағы суға кірген қытайлық катерді қайтарып жібергеннен кейін ушыққан. Ал мұның алдында Қытайдың жағалау күзеті Тайванның туристік қайығын тоқтатқан еді. Тайвань бұл оқиғадан кейін өз бақылауындағы аралдардың қауіпсіздігі үшін бақылау мен күзетті күшейтінін мәлімдеді. Айта кетсек, Қытай Тайваньді өз аумағы деп есептейді, әрі аралмен бірігуді тарихи қажеттілік деп санайды. Алайда Тайвань бұған қарсы.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу