Қытай және Тайвань басшылары тарихи кездесу өткізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай және Тайвань басшылары тарихи кездесу өткізбек

04.11.2015
Қытай және Тайвань басшылары тарихи кездесу өткізбек
Қытай және Тайвань басшылары 66 жылда алғаш рет ресми түрде кездеседі.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Тайвань әкімшілігінің басшысы Ма Инцзю қауіпсіздік мәселелерін талқыламақ. Дегенмен, басқосуда қандай да бір келісімдер жасалмайды.

Қытай мен Тайвань арасында қарым-қатынастар 1949 жылы үзілді. Сол кездегі азаматтық соғыста компартиядан жеңіліс тапқан ұлтшыл «Гоминьдан» партиясының үкіметі аралға ығысты.

БҰҰ-на 21 мүше мемлекет Тайваннің тәуелсіздігін мойындаған. Ал, ресми Бейжің аралды өз территориясының құрамында деп есептейді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу