Сепаратистер тәуелсіздік шеруін өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сепаратистер тәуелсіздік шеруін өткізді

01.10.2019

Испанияның Гирона қаласында Каталонияның тәуелсіздігін талап еткен шеру өтті. Оны «Республиканы қорғау комитеті» деген топ ұйымдастырған. Сепаратистердің сөзінше, каталандар корольдіктен бөліну жолындағы күресті әрі қарай жалғастырады. 

Бүгін кешке Барселонада да испан үкіметіне қарсы ауқымды демонстрация жоспарланып отыр.  

Айта кетсек, автономиялық Каталония мен Мадрид арасындағы шиеленіс соңғы күндері тіпті күшейді. Бұған Каталонияның Испаниядан бөлінуін талап еткен жеті лидердің түрмеге қамалуы себепші.

Арыстан РЫСБЕК



Хабарламаларға жазылу