Қарағанды облысында 150 ауылды су басу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 150 ауылды су басу қаупі бар

21.02.2024

Қарағанды облысында 150 ауылды су басу қаупі бар. Өңірдегі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын тексерген AMANAT партиялық бақылау комиссиясының мүшелері осылай деп мәлімдеді. Теміртау қаласындағы Самарқанд су қоймасына барған олар су тасқынының алдын алу және көктемгі қауіп-қатерге дайындық шараларымен танысты. Самарқанд, Ынтымақ, Шоқай және Жартас сияқты ірі су инженерлік құрылымдарына мониторинг жүргізді. Жергілікті мамандар наурыздан бастап су қоймаларын тікұшақпен бақылап, ғарыштық мониторинг жүргізуді уәде етті.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу