Елімізде су басу қаупі бар аймақтар картасы қайта жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде су басу қаупі бар аймақтар картасы қайта жасалады

05.04.2022

Павлодар облысында су басу қаупі бар аумақтар картасы қайта әзірленетін болды. Іргедегі сайдан құйылған қарғын су Рождественка ауылындағы 30 үйдің ауласына кірген еді. Аймақ басшысы жапа шеккен тұрғындармен сөйлесті. Табиғаттың тосын мінез танытуы бірінші рет емес. 2015 жылы қар күрт еріп, ауыл әбігерге түскен. Алайда 2 жыл өткен соң, дәл осы ауылды су басу қаупі бар елдімекендер тізімінен сызып тастаған. Қазір осы мәселеге қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр. Ал картада бар 35 елдімекенді бақылауға алған құтқару қызметі облыс орталығынан небәрі 60 шақырым ауылды су басып жатқанын кеш білген.

Жасұлан Жұмашев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
Біз ақпаратты әлеуметтік желіден алдық. Кейін тек 1 сағаттан соң әкімшіліктен ақпарат түсті.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу