Деструктивті діни ағым ұстанушылары бар 8 қылмыстық топтың мүшелері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Деструктивті діни ағым ұстанушылары бар 8 қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

19.02.2024

Деструктивті діни ағым ұстанушылары бар сегіз қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асқан операция кезінде 23 адам тұтқындалды. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал 6 адамға қатысты келу туралы міндеттеме қолданылды. Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттап, адамдарды ұрлап, қорқытты сондай-ақ есірткі заттары мен қару-жарақтардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілікті. Тінту барысында атыс құралдары, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, есірткі заттары мен ақша тәркіленді. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды»,- делінген хабарламада.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу