«Дикий Арман» қылмыстық тобының мүшелері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дикий Арман» қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

14.07.2023

«Дикий Арман» қылмыстық тобының тағы бірнеше мүшелері ұсталды. Оларды әшкерелеу бойынша ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Бас прокуратураның үйлестіруімен 3 арнайы операция жүргізді. 36 рет тінту іс-шарасы ұймдастырылған. Нәтижесінде шолақ қарулар, тапанша, пышақ, кастет, діни әдебиеттер мен тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілердің киімдері тәркіленді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен негізгі қатысушылары қамауға алынғанына қарамастан, оның басқа мүшелері адвокат қызметтерін қаржыландыра отырып, қылмыстық әрекеттерін тоқтататын емес. Тергеу процесінің қатысушыларына бұқаралық ақпарат құралдары және интернет желісі арқылы қысым көрсетіп жатыр деп мәлімдеді ІІМ.

Қуандық Алпыс, ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:

Әзірленген жоспарға сәйкес аталған топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесу үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезең халықаралық іздеуде жүрген, қылмыстық ортада «Нойс» деген лақап атымен белгілі Жұмагелдиевтің «оң қолы» басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтың негізгі криминалдық буынын жоюға бағытталды.


Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу