Қазақстандық биатлоншылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық биатлоншылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

19.02.2024

Биатлоннан Қазақстанның ерлер құрамасы алғаш рет Әлем чемпионаты аясындағы эстафета сайысында үздік ондыққа енді. Чехияның Нове-Место қаласында өткен әлем біріншілігінде 4 биатлоншымыз ел намысын қорғады. Жарыс алаңына алғаш болып шыққан Александр Мухин барлық нысанаға дөп тигізіп, эстафетаны Владислав Киреевке тапсырды. Алғашқы жатып ату кезеңінде Киреев 3 қосымша оғын қолданды, ал тұрып ату кезеңінде барлық межеге дәл тигізді де, тізгінді Әсет Дүйсеновке табыстады. Бірінші айналымда 2 оғы қиыс кеткен Әсет Дүйсенов қосымша оқтың көмегімен барлық нысанаға дәл тигізді. Екінші айналымда да мергендік танытып, таза атты. Бәсекені ересектер арасындағы әлем чемпионатына алғаш рет қатысқан Никита Акимов жалғастырды. Ол бірінші айналымда 3 қосымша, екінші айналымда 2 қосымша оғын пайдаланды. Десе де команданың үздік ондыққа енуіне барын салды.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу