Олимпиада күнделігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада күнделігі

21.02.2014
Олимпиада күнделігі
Сочи Олимпиадасында фристайл бәсекесінің ски-кросс түрінде канадалық спортшылар үздік шықты. Әйелдер арасындағы жарысқа 28 спортшы қатысқан. Бірінші және екінші орынды Канада спортшылары Мариэль Томпсон мен Келси Серва бөлісті. Үздік үштікке швециялық Анна Холмлунд ілінді.
 
Биатлоншы қыздардың бәсекесі де мәресіне жетті. Соңғы эстафеталық жарыста украиналық биатлоншылар үздік нәтиже көрсетті. Апалы-сіңілі Вита және Валентина Семеренко, Юлия Джима және Елена Пидгрушная  Олимпиада чемпионы атанды. Ресей құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орында – Норвегия. Қазақстандық биатлоншылар жеңімпаздан 6 минуттан астам уақыт қалып қойып, 12-ші орыннан көрінді.
 
Әйелдер арасындағы керлингте Канада құрамасы Олимпиада «алтынын»  жеңіп алды. Финалда канадалық спортшылар Швеция құрамасынан басым түсті. Төрт жыл бұрын Ванкувердегі шешуші ойында екі қарсылас кездесіп, скандинавтықтар жеңіске жеткен еді. Қола жүлде Ұлыбритания құрамасының еншісінде.

Хабарламаларға жазылу