Теннисші Әмір Омарханов халықаралық рейтингте үздіктер қатарына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннисші Әмір Омарханов халықаралық рейтингте үздіктер қатарына енді

27.02.2024

Теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы халықаралық рейтингте үздік ондыққа жақындады. Бұл – ұл балалар арасында Қазақстан теннисі тарихындағы ең үздік көрсеткіш. Аустралия ашық чемпионатында 16 жастағы қазақстандық бірінші раундта-ақ қарсыласын тізе бүктірді, содан кейін италиялық Федерико Чиноны жеңді. Бұған дейін теннисшілер арасындағы ең жоғары орынды алматылық Ирина Селютина иеленген. Ол 1997 жылы әлемнің жетінші ракеткасы болған. Араға 20 жыл салып Әмір Омарханов рекордты жаңартып отыр.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу