Кличко – бірінші, Головкин – екінші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кличко – бірінші, Головкин – екінші

27.03.2014
Кличко – бірінші, Головкин – екінші
WBO және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық  Геннадий Головкин Шығыс Еуропаның ең үздік он боксшысы рейтингінде екінші орынға тұрақтады. Ол бұған дейінгі рейтингте бірінші орында тұрған еді. Бұл рейтингті атақты америкалық
Bleacher Report порталы жүргізеді.
 
Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 29 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның үстіне 26 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Қазақстандық боксшы әлем чемпиондары арасында ең үздік нокаутшы атағына да ие.
 
Бұл рейтингте бірінші орынған WBA, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы Әлем чемпионы, украиналық Владимир Кличко шықты. Үштікті ресейлік Сергей Ковалев түйіндеді. Ол - WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы Әлем чемпионы.
 
Сонымен қатар үздік ондыққа енген боксшылардың қатарында - Руслан Проводников (Ресей), Евгений Градович (Ресей), Марко Хук (Германия), Кубрат Пулев (Болгария),  Александр Поветкин (Ресей), Вячеслав Глазков (Украина), Томаш Адамек (Польша) бар.

Хабарламаларға жазылу