Ауыр атлетика. ӘЧ-2015. Жазира Жаппарқұл - күміс медаль иегері (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыр атлетика. ӘЧ-2015. Жазира Жаппарқұл - күміс медаль иегері (ВИДЕО)

27.11.2015
Ауыр атлетика. ӘЧ-2015. Жазира Жаппарқұл - күміс медаль иегері (ВИДЕО)

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 69 келіге дейінгі салмақ санатындағы әйелдер арасындағы жарыс өз мәресіне жетті.

Бұл жарысқа еліміздің атынан екі спортшы қатысқан болатын. Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеру сайысында 116 келіні бағындырып, төртінші орынға табан тіресе, Майя Манеза небәрі 100 келіні ғана бағындыра алды. Ал, екінші серпе көтеру сайысында Жазира - 140 келі, Майя - 135 келі көтерді.

Қос сайыстың нәтижесінде 256 ұпай жинаған Жазира Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 235 келіні бағындырған Майя үздік ондыққа ілікті.

Әлем чемпионы атағы екі сайыста 263 келі көтерген қытайлық Сян Янмейге бұйырса, ресейлік Анастасия Романова қола медальді қанағат тұтты.

Хабарламаларға жазылу