Азиада-2017. Шаңғышы Елена Коломина үшінші жүлдесіне қол жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азиада-2017. Шаңғышы Елена Коломина үшінші жүлдесіне қол жеткізді

23.02.2017
Азиада-2017. Шаңғышы Елена Коломина үшінші жүлдесіне қол жеткізді

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ Қысқы Азия ойындарында шаңғышы Елена Коломина үшінші жүлдесіне қол жеткізді.

Спортшы бүгін  5 шақырымдық классикалық жарыстан мәре сызығын екінші болып кесіп, Қазақстан қоржынына үшінші күмісті сыйлады.

Айта кетейік, бұл - Коломинаның Саппородағы жеңіп алған үшінші жүлдесі. Спортшымыз осыған дейін шаңғы жарысынан классикалық жүріспен жеке спринт (1,4 шақырым) жарысында тағы да күміс медаль жеңіп алса, одан кейін, 10 шақырымдық еркін жүгірістен қола медаль иеленді. 

Қазақстан 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медальмен жиыны 8 жүлдемен жалпы есепте төртінші орында келеді.

Хабарламаларға жазылу