Ақтөбеде дзюдодан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде дзюдодан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті

23.02.2021

Ақтөбе қаласында дзюдодан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. 

Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен 13 облыстан 668 дзюдошы қатысты. 16-17 жас аралығындағы татами шеберлері 16 салмақ бойынша күш сынасты. Нәтижесінде Алматы облысының құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдемен көш бастады. Ал Шымкент қаласының дзюдошылары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен екінші орынға жайғасты. Қарағанды облысының жасөспірімдері үздік үштікті қорытындылады. Жеңімпаздар ел құрамасының қатарын толықтыратын болады. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу