Иранда газ құбырында жойқын жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда газ құбырында жойқын жарылыс болды

14.02.2024

Иранда төтенше жағдай. Елдің оңтүстік-батысындағы Боруджен қаласында газ құбырында жарылыс болып, лезде өрт тұтанған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орны қоршауға алынды. Ол жерде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Әзірге жарылысқа не себеп болғаны белгісіз.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу