Румынияда қуатты жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румынияда қуатты жарылыс болды

28.08.2023

Румыниядағы сұйытылған газ станцияларының бірінде қуатты жарылыс болды. Оқиға ел астанасы Бухарестке жақын маңдағы Креведия қаласында болған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, жойқын апаттан 1 адам қаза тауып, 57 адам жараланған. 3 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, екі газ цистернасын өрт шарпыған. Салдарынан бірінен соң бірі, қос бірдей қуатты жарылыс болған.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу