Астанадағы сапаржай жабылуы мүмкін. Автовокзал басшылығының сөзінше, олар қазір коммуналдық шығындарды төлеуге де қауқарсыз. Өйткені жолаушы азайып кеткен. Ал жеке тасымалдаушылар арадағы келсім-шартты бірінен соң бірі үзіп жатыр. Мұндай жағдай жалпы Қазақстан бойынша байқалып отыр. Сапаржайлардың жағдайы неге қиындап кетті? Түйткілді қалай шешуге болады? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес мәселеге үңіліп көрді.
Астанадағы сапаржайдың бөлім басшысы Бағдаулет Әмзеевтің айтуынша, жолаушы тасымалдайтын жеке компаниялар автовокзалмен жұмыс істеуден бас тартып жатыр. Өйткені жолаушылар ағыны тым төмендеп кеткен.
Бағдаулет Әмзеев, «Астана сапаржай» ЖШС бөлім басшысы:
Бәрі индрайверге үйреніп алған. Сонымен келеді-кетеді. Қанша адам жоғалып жатыр, жол апатына түсіп жатыр. Сол мәселені көтердік. Министрлікке де шықтық. Нәтиже жоқ.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Міне, көріп тұрғандарыңыздай бір ғана касса жұмыс істеп тұр. Қалғандары жабық. Баяғыдай ығы-жығы байқалмайды. Күту залы қаңырап бос тұр. Көзге ілінгені тек бірен-саран жолушы.
Ақпараттық таблода 3 бағытқа қатынайтын автобустың ғана келу-кету уақыты жазылыпты. Сапаржай басшылы рейстердің саны 15 есеге қысқарды дейді.
Қазір сапаржай 30 пайызға ғана жұмыс істеп жатыр. 2020 жыл жылдан бері жұмысшылардың саны 150-ден 25-ке дейін қысқарған. Мұндай аянышты жағдайға түсуімізге пандемия және «inDrive» қосымшасы арқылы сондай-ақ заңсыз жолаушы тасымалдайтындар себепші дейді автовокзал басшылығы.
Жұмаш Әбдірахманов, «Астана сапаржай» ЖШС директоры:
Күніне жаз айларында 120-150 автобустар шығып жатты. Қыс айларында 70-80 автобус шығатын. Ал, қазір күніне болса 3-4 автобус кейде 2 автобус. 00:14 Осы айдың 15-не дейін егер қарыздарымызды жаппасақ, жарық, жылуды төлемейтін болсақ бәрін өшіреді. Жарық сөнгеннен кейін бұл сапаржай жұмыс істемейді деген сөз.
Қазір Астана тұрғындары мен қонақтары арнайы қосымшамен такси жалдағанды немесе халық арасында «Шанхай» атауымен танымал «Көк базардың» маңында қаз қатар тізілген мына автобустарға отырғанды жөн көреді.
Мұрат Үстеміров, автобус жүргізушісі:
Халық осы жерге үйреніп қалған ғой. Сауда жасайтін болса да «Шанхайға» келеді ғой. Халық бар жерде біз жүреміз.
Бүгінде Қазақстанда барлық өңірінде байқалады. Мәселен еліміздегі ең ірі Алматы сапаржайының да жағайы мәз емес. Ал Степногорск, Атырау қаларындағы автовокзалдар жұмысын тоқтатса, Қостанайдағысы сауда орталығына айналған.
Ольга Терехова, Қостанайдағы сапаржайдың директоры:
Біз қиындықтан шығу үшін ғимараттың бір бөлігін сауда нүктесі мен базарға айналдырдық. Кейбір кабинеттерді офис ретінде жалға беріп отырмыз. Өйткені рейстер саны аз.
Сапаржай басшылары тұрғындардың жалдамалы такси немесе автобустар жолаушылардың қауіпсіздігіне жауап бермейтіндігін айтады. Ал көлік министрлігінің өкілдері бұл мәселенің шешімін іздеп жатырмыз дейді.
Тілеген Жәдігер, ҚР КМ Республикаішілік автомобильдік тасымалдаулар басқармасының басшысы:
13 ақпанда министрлік алаңында жергілікті атқарушы органдардың, Атамекен кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар және тасымалдаушылардың қатысуымен кеңес өткізу жоспарлануда. Соның ішінде біз осы автовокзалдардың қызметін дамыту және қолдау шаралары талқыланады.
Министрлік өкілдері тиісті тараптармен кеңесе отырып, жеке тасымалдаушылар мен сапаржайлардың қызметін реттейтін жаңа заң қабылдауы мүмкін. Бұл қордаланған мәселені толық шешепесе де, автовокзалдарды банкроттықтан сақтап қалуға сеп болады, дейді мамандар.