Болашақ ойындары-2026 : Волонтерлерді іріктеу басталды
Астанада өтетін «Болашақ ойындары-2026» мультиспорт турниріне қатысатын волонтерлерді іріктеу басталды. Бүгін еріктілерге арналған бағдарлама барысы таныстырылды. Онда іс-шара кезіндегі қатысу ережелері, атқаратын функционалдық бағыттары мен кандидаттарға қойылатын талаптар бар. Турнир кезінде еріктілер қатысушылармен және көрермендермен жұмыс, спорттық делегацияларды алып жүру, сондай-ақ іс-шараларды өткізуге қолдау көрсету сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыс атқарады. Ұйымдастырушылар оған студенттер, жастар мен ерікті ұйымдарының өкілдері және барлық белсенді азаматтар қатыса алатындығын айтты. «Болашақ ойындары» - бұл жаңа бағыт. Спортшылар цифрлық әлемде өзінің бағасын алып, физикалық тұрғыда бақтарын сынайды. Халықаралық шараға 50-ден астам мемлекеттен 900-дей спортшы қатысады.
Байғали Ниязқұлов, еріктілермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы:
Волонтерлерді іріктеу 10 сәуірден бастап 30 маусымға дейін болады. Сайтта ашық тұрады. Бүгін жүзден астам қонақ күтіп жатырмыз. Мыңнан аса волонтерді іріктейміз, оның ішінде 100 координатор бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы