Таразда қолөнер шеберлерінің халықаралық фестивалі өтеді
Таразда 23-24 сәуір аралығында халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді. Қазір дайындық қызу. Ауқымды шараға елімізден бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан 200-ге жуық адам келеді.
Олар
жасаған өнімдерін ел назарына ұсынып, түркі жұртына тән дәстүрлі өнерді
дәріптейді. Бұл Тараздың туристік әлеуетін көрсетіп, отандық қолөнершілерді
халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік береді. Қой жүнінен киіз басатын
тараздық шебер Рабиға Иманәліқызы да фестиваль болатын күнді асыға күіп жүр. Ол
осы арқылы кенжелеп қалған қолөнердің бұл түрін өзгелерге үйретуге мүмкіндік
туатынына қуанышты. Айта
кетейік, Тараз қаласы 2022 жылы «Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы» мәртебесін
алған. Соған
сай кезекті фестиваль көне шаһарда үшінші рет өткелі тұр.
Рабиға Иманәліқызы, қолөнер шебері:
Біз қазіргі жастар үйренсе екен дейміз. Соған біз тегін шеберлік сағаттарын көрсетеміз. Осы қолөнер, жүнмен жұмыс істеу біздің ежелден келе жатқан кәсібіміз, ата-бабамыздан келе жатқан кәсіп. Осы кәсіптен біз ажырамауымыз керек. Бұл біздің дүниетанымымыз.
Жұбаныш Омар, қала әкімдігі
кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің сектор меңгерушісі:
«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені аумағында өткізу жоспарланып отыр. Бұл фестиваль тек бірреттік іс-шара ғана емес. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 2027 жылғы үлкен «Достастық жәрмеңкесін» өткізуге жоспарланып отырған іс-шаралар қатарына кіреді.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16