Ақтауда «Хакатон – жарқын идеялар» байқауы өтіп жатыр
Ақтауда «Хакатон – жарқын идеялар» атты халықаралық байқау өтіп жатыр.
Оған Қазақстан, Орталық Азия және Каспий маңы елдерінің студенттері,
магистрант, докторанттары мен жас ғалымдары қатысуда. Олар төмен көміртекті энергетиканы, соның ішінде
жасыл сутегі технологияларын дамытудың жолдарын қарастырады. Шараға
Германияның беделді ғалымдары төрелік етіп жатыр. Қатысушыларға ортақ тапсырма
беріліп, олардың инженерлік әрі ғылыми ойлау қабілеті бағаланды. Сонымен қатар,
әр топ жасыл сутегіні өндіру, сақтау және тасымалдау бойынша жобаларын ағылшын
тілінде қорғайды.
Дінмұхамбет Бәйімбетов, Yessenov
университетінің кафедра меңгерушісі:
Орталық Азиядағы орынды белгілеу, қай жерден жасыл сутегіні өндіру ыңғайлы деген тапсырма берілді. Әзірге үшінші команда өзінің жобасын қорғап жатыр. Хакатон жеңімпаздары Германияға қысқа мерзімде тәжірибе алмасуға барып келуге мүмкіндік алады.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16