Шахтинск тұрғындары жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтинск тұрғындары жарықсыз қалды

09.02.2024

Қарағанды облысының Шахтинск қаласы түнде жарықсыз қалды. Күшті жел салдарынан екі қосалқы станцияда 5 фидер өшіп қалды. Салдарынан тоқпен реттелетін пеші бар жеке үйлер суып кеткен. Қазір жағдай біртіндеп қалыпқа келе бастады. Қаланың басым бөлігіне жарық берілген. 4 фидерді қалпына келтіру жұмыстары таңғы сағат 07:00-де аяқталды. Қазіргі уақытта 1 мыңға жуық абонентті, соның ішінде Шахан, Долинка кентеріндегі үйлерді де қамтитын соңғы фидерді қалпына келтіру аяқталып қалды.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу