Шағын қалалар дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын қалалар дамып келеді

04.12.2014
Шағын қалалар дамып келеді

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына Қарағанды маңында орналасқан Шахтинск қаласының тұрғындары да ризашылықтарын білдіруде. Тәуелсіз еліміздің бас партиясының арқасында шағын шаһардағы жылусыз қалған үйлер қайта қатарға қосылған. Енді келешекте қаладағы жылу энергия станциясының қуаттылығын арттырып, басқа да үйлерді қамту жоспарланып отыр.

Кеншілер кенті – Шахтинск шаһары бүгінде «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасына кіріп отыр. Ел Тәуелсіздігінің 23 жылдығы қарсаңында қаланың кескін-келбеті, инфрақұрылымы, индустриясы айтарлықтай жақсарды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу