Солтүстік Қазақстан облысында 60-тан астам ауылда жарық жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында 60-тан астам ауылда жарық жоқ

21.11.2023

Солтүстік Қазақстан облысында 60-тан астам елдімекеннің тұрғындары әлі де жарықсыз отыр.

Естеріңізге сала кетсек, өткен сенбіде жаңбыр жауып, соңы боранға ұласты. Салдарынан электр сымдары мен бағандарға мұз қатып, 150-ге тарта елдімекен жарықсыз қалды. Желілеріндегі ақауды жою жұмыстары жалғасуда. Кей аудандарға электр энергиясы Ресей және Ақмола облысынан тасымалдануда.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу