Ақтөбеде боран салдарынан 5 үйдің шатыры ұшып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде боран салдарынан 5 үйдің шатыры ұшып кетті

08.02.2024

Ақтөбеде ақтүтек бораннан көпқабатты бес үйдің шатыры ұшып кетті. Сондай-ақ, Қарабұтақ ауылындағы мектептің де төбе жабындысы жел екпініне шыдамай, құлап түскен.

Бұл үйлердің көбі соңғы жылдары салынған. Сондықтан қалпына келтіру жұмыстарымен құрылыс компаниялары айналысады. Тек бір үйдің төбесін тұрғындар өз күштерімен жөндеуі тиіс. Облыс аумағында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін жүздеген адам эвакуацияланып, жылыту пункттеріне орналастырылды. Құтқарушылар мен энергетиктер кей аумақтарда жұмыстарын жаяулатып жүріп атқарды. Дегенмен, жарықсыз, сусыз отырған тұрғындар әлі де бар. Жол бойында тұрған көлік жүргізушілері мен жолаушыларға еріктілер мен жергілікті тұрғындар ыстық тамақ таратып жатыр.Бүгін боранның беті қайтты. Дегенмен, синоптиктер түстен кейін жел қайта күшейетінін айтып отыр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу