Республиканың бес облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республиканың бес облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

04.12.2015
Республиканың бес облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

Республиканың бес облысының учаскелерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Қостанай - Әулиекөл - Сурган» (07-232 км), а/ж учаскесінде автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ, «Мамлютка-Қостанай» (180-404 км), «Екатеринбург-Алматы» (555-729 км) а/ж алаңдарында жүк және қоғамдық автокөліктерге қозғалыс шектелді.

Ақмола облысында  ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Қостанай - Әулиекөл - Сурган» (232-260 км), а/ж учаскесінде автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды. Сонымен бірге «Астана-Петропавл» (304-341 км),  «Көкшетау-Рузаевка» (0-61км), «Көкшетау-Омбы» (2-50км) а/ж алаңдарында қоғамдық автокөліктердің қозғалысы тоқтатылды.

 Солтүстік Қазақстан облысында  ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) барлық бағытқа автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

 Ал, Ақтөбе облысы бойынша «Самара-Шымкент»  (773-1240) а/ж учаскесінде автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.

Қызылорда облысында «Самара-Шымкент»  (1240-1356) а/ж учаскесінде қоғамдық  автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Хабарламаларға жазылу