Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің төрт облысында жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің төрт облысында жолдар жабылды

24.02.2016
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің төрт облысында жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың төрт аймағында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен хабарланды.

Ақмола облысында  ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) а/ж «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» (232-260 км); «Жезқазған-Петропавл»  (377-595 км, Державинск қ.- Есіл қ.); «Жақсы - Есіл - Бұзылық» (0-82 км «Екатеринбург – Алматы» 856-1003 км, Солтүстік Қазақстан облысының ш.- Атбасар қ.), жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысы тоқтатылды.

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) облыстық деңгейдегі «Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк» (43-74 ш, «Родниковка-Мәртөк»)  т/ж барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ, ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) республикалық маңызы бар «Қарабұтақ-Қостанай» тасжолының (89-231 км, Комсомол а.- Қостанай облысының шекарасына дейін) барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

Қостанай облысында  ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр ж/е көк тайғақ) барлық бағыттарға жол жабық.

«Екатеринбург - Алматы» (686-729 км, Сарыкөл а.- Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін); «Мамлютка - Қостанай» (180-249 км, Ұзынкөл. а - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);

«Қарабұтақ-Денисовка» (231-385 км, Ақтөбе облысының шекарасынан - Денисовка а.) «Денисовка - Жетіқара - Мықтыкөл»  (82-174 км, Жетіқара қ.-Мықтыкөл а.-РФ шекарасына дейін) жүк автокөліктеріне және автобустарға жол жабылды.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) барлық бағытқа автокөліктердің  қозғалысы тоқтатылды.

Хабарламаларға жазылу