Еліміздегі 13 облыстың өткізу пункттерінде 4 мыңнан астам көлік кептелісте тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 13 облыстың өткізу пункттерінде 4 мыңнан астам көлік кептелісте тұр

09.02.2024

Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздегі 13 облыстың өткізу пункттерінде 4 мыңнан астам көлік кептелісте тұр. Сонымен бірге, мыңнан астам адам эвакуациялық пункттерге жеткізілген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.

Жалпы, 7-9 ақпан аралығында 12 өңірде 8 мыңға жуық көлік бекеттерде тұрып қалған. Құтқарушылар 5 мыңнан аса адам, оның ішінде 50-ден аса баланы уақытша орналастыру пункттеріне орналастырды, дейді ведомство басшысы. Сондай-ақ, қар құрсауынан 64 көлік шығарылып, 1 426 адамды эвакуациялаған


Хабарламаларға жазылу