Абат Айымбетов еуропалық клубқа ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абат Айымбетов еуропалық клубқа ауысты

02.02.2024

Түркия суперлигасына +1 қазақ! Абат Айымбетов «Адана Демирспор» футбол клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы түркиялық клуб әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Мансабын Түркия чемпионатында жалғастыратын қазақстандық сұрмерген 1 жарым маусымға, яғни 2025 жылдың маусым айына дейін келісімшартқа отырды. Шабуылшының нәтижелері клуб басшылығының көңілінен шықса, келісімшартты тағы бір жылға соза алады. Енді Абат Айымбетов Марио Балотелли, Нани сынды танымал футболшылармен бір клубта өнер көрсетеді. Еуропалық клубта шеберлігін шыңдар шабуылшымыз алдағы уақытта ұлттық құрама сапындағы ойындарға жаңа леп әкелері сөзсіз.

Хабарламаларға жазылу