Достастық Кубогы – 2015. Қазақстан Литваны ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Достастық Кубогы – 2015. Қазақстан Литваны ұтты

18.01.2015
Достастық Кубогы – 2015. Қазақстан Литваны ұтты

С тобындағы ойын 1:0 есебімен аяқталды. Матч тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы - «Ақтөбе» шабуылшысы Абат Айымбетов. Ол ойынның 57-ші минутында көзге түсті.

Саулюс Ширмялис шәкірттері екі ойыннан кейін ұш ұпай жинады. Ал, Литва құрамасының қоржынында – 1 ұпай.

Топтық кезеңдегі шешуші ойында қазақстандық футболшылар ОАР құрамасымен кездеседі.

Бұл матч сейсенбі,  20 қаңтар күні Астана уақыты бойынша 15.00-де басталады. Бұл күні Литва мен Тәжікстан құрамасы да кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы алғашқы ойында Тәжікстан футболшыларынан 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді.

Хабарламаларға жазылу