2023 жылы трансферлік құны қымбаттаған ҚПЛ футболшылары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2023 жылы трансферлік құны қымбаттаған ҚПЛ футболшылары

17.01.2024

Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін 9 футболшыға сұраныс артатын болды. Трансфермаркет ұсынған дерекке сай, олардың ойнау шеберлігі жағынан нарықтағы бағасы өскен. Көшті Максим Самородов бастап тұр. Күні бүгінге дейін 450 мың еуроға бағаланып келген «Ақтөбенің» 21 жастағы шабуылшысының шеберлігі бүгінде 700 мың еуроға жеткен. «Астана» футбол клубының қорғаушысы Алекса Аманович 2023 жылғы маусым қорытындысы бойынша 200 мың еуроға қымбаттады. Енді оны өзге клуб кемі 1 млн еуроға сатып ала алады. Ал «Ордабасының» қорғаушысы Мамаду Мбодждың құны 150 мың еуроға артты. Бағасы өскен аяқдоп шеберлерінің арасында Артур Шушеначев, Асхат Тағыберген, Әлібек Қасым, Темірлан Ерланов, Абат Айымбетов және Ян Вогоровский де бар. Осы алты футболшы Трансфермаркет ұсынған дерек бойынша 100 мың еуроға қымбаттаған.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу