Бішкектегі жылу электр орталығында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкектегі жылу электр орталығында жарылыс болды

02.02.2024

Бішкектегі жылу электр орталығында түнде болған апаттың салдарын жою үшін жұмыс жүріп жатыр. Соңғы мәліметтерге сай, шахталардың бірінде газ немесе көмір тозаңы жиналып қалып, жарылыс болса керек. Ал жылу қазандықтары істен шықпаған.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі Бообек Әжикеев осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін қаладағы қазандықтардың бірі жарылды деген ақпарат айтылған еді. Жарылыс кезінде 5 адам зардап шеккен. Олардың үшеуі ауруханада жатыр.

Апат салдарынан Бішкектің оңтүстік аумағы бүгін ыстық су мен жылусыз қалды. Энергетика министрі жергілікті уақытпен кешкі сағат 22.00-ге дейін жылу электр орталығы қалыпты режимде жұмыс істейді деп жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Жылу орталығындағы апатқа байланысты Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Қазақстанға сапарын үзіп, шұғыл түрде Бішкекке аттанған.


Хабарламаларға жазылу