Астанада «Матильда» инклюзивті спектаклі сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Матильда» инклюзивті спектаклі сахналанды

25.04.2016
Астанада «Матильда» инклюзивті спектаклі сахналанды
Кәсіби сахнада есту қабілетінде ақауы бар балалар қалың көрермен назарына «Матильда» мюзиклін ұсынды. Жас жеткіншектер 3 жыл бойы актерлік шеберліктің қыр-сырымен танысып, сахналық мәдениеттерін шыңдаған. Ата-аналардың айтуынша, үйірмеге қатысқалы бүлдіршіндердің сөйлеу қабілеті жақсарып қана қоймай, өзіне деген сенімділігі де артқан.

Айта кетейік, инклюзивті театралды үйірме «Дара» қорының қолдауымен 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Малика ҚАЛҚАМАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу