«Сәкен сұңқар» сахналанды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сәкен сұңқар» сахналанды (ФОТО)

14.10.2014
«Сәкен сұңқар» сахналанды (ФОТО)

Бүгін Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында  белгілі әнші, актер, ақын-драматург Қанат Жүнісовтің «Сәкен сұңқар» атты тарихи трагедиялық драмасының қойылымы сәтті өтті.

Қазақ халқының  дауылпаз ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматургы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойына орай сахналанған қойылым дүйім елдің құрметіне ие болған сырбаз Сәкеннің ғұмыр жолынан, ғибратты өмірінен үзік сыр шертеді. Сәкен өмір сүрген кезең, ұлттың ауыр тағдыры, азаттық, теңдік үшін тартыс бәрі-бәрі тарих парақтарында ақтаңдақтар болып жазылды.

Спектакльде басты кейіпкерлердің ролін сомдаған актерлердің Сырым Қашқабаев (Сәкен), Болат Ыбыраев (Ахмет Байтұрсынұлы), Алтынай Нөгербек (Гүлбаһрам), Нартай Сауданбекұлы (Қадыржан), Боранбай Молдабаев (Сыдық), Жанат Оспановтің (Егор) шеберлігіне тәнті болған көрермен қауым оларға ұзақ уақыт  қол соқты.

Осы қойылымды көру үшін арнайы Алматыдан келген танымал сәкентанушы, профессор Тұрсынбек Кәкішев актерлердің талантына жүрекжарды игі тілегін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу