Астанада «Covid-19» спектаклі сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Covid-19» спектаклі сахналанды

03.02.2023

Адамзат басынан өткерген алапат індет. Оқшауланған әлем. Covid-19 вирусы. Астана мюзикл театры осы тақырыпта хореграфиялық спектакльді көрерменге ұсынды.

Қойылымда ойдан шығарылған кейіпкерлер мен үйреншікті сахналық образдар жоқ. Туынды қоғамның қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген. Әлемнің ағысын өзгерткен Covid-19 дерті адамды өзгерте алды ма? Осы сұрақтар өзекті, дейді қойылым режисері.

Анел Мырзағұлова, режиссер-хореограф:

Көбінесе біз театрда Шекспирдің, Гогольдың туындыларын көреміз, бірақ қазіргі заманда өмір кешкен өзімізді көре алмаймыз театрдан. Бұл біздің өміріміз. Міне, театрға келіп соны көруге болады. 


Хабарламаларға жазылу