Германияда ереуілге байланысты мыңнан аса ұшақ рейсі тоқтатылды
Германияның 11 әуежайында бүгін басталған ереуілге байланысты 1100 ұшақ рейсі тоқтатылды. Әуе айлақтарының жолаушылар мен жүкке жауап беретін қауіпсіздік қызметкерлері жұмысқа шықпаған. Олар жалақыны сағатына 2 доллар 80 центке өсіруді, сыйақыны көбейтуді және үстеме жұмыс ақысын төлеуді талап етіп жатыр. Наразылық акциясы салдарынан 200 мыңдай жолаушы діттеген жеріне жете алмай отыр.
«Люфтганза» әуе компаниясы жолаушыларға билетті басқа күнге тегін айырбастауды ұсынды. Ереуіл жариялаған 25 мың қызметкердің атынан «Верди» кәсіподағы Әуе қауіпсіздігі компанияларының федералдық қауымдастығымен келіссөз жүргізіп жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПерзентханадағы аналар да дауыс беруде
15.03.2026, 13:21
Қарағанды облысының ауылдары белсенді
15.03.2026, 13:18
Қазақстан азаматтары үшін 54 елде 71 референдум учаскесі ашылды
15.03.2026, 13:15
Ыстанбұлда да референдумға қатысуда
15.03.2026, 13:12
Қоғамдық байқаушылар референдумды қалт жібермей отыр
15.03.2026, 13:09
ОРК дауыс беруге қатысты мәлімет жариялады
15.03.2026, 13:06
Алматы облысында миллионнан аса адам дауыс бере алады
15.03.2026, 13:03
Президент республикалық референдумда дауыс берді
15.03.2026, 13:00