Қоғамдық байқаушылар референдумды қалт жібермей отыр
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының мүшелері еліміздің барлық өңірлерінде референдумның өту барысын бақылауда ұстап отыр. Қарағанды облысында да коалиция мүшелері дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап өз жұмыстарын бастады. Байқаушылар дауыс беру процесінің заң аясында өтуіне назар аударып, учаскелердегі ұйымдастыру жұмыстарының талаптарға сай жүргізілуін бақылауда.
Дмитрий Полтаренко, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы филиалының жетекшісі:
Қарағанды облысындағы барлық учаскелерден ақпарат өңірлік жедел орталыққа түседі. Одан кейін біз оны Республикалық орталыққа жолдаймыз. Цифрлық технологиялар дәуірінде мұның барлығы жеткілікті түрде жылдам және оңай жүзеге асырылады. Өңірдегі көптеген учаскеде біздің коалициядан байқаушылар бар екенін атап өткім келеді.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03