Жас қазақ теннисшісі әлемдік рейтингте 11-ші сатыға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас қазақ теннисшісі әлемдік рейтингте 11-ші сатыға көтерілді

31.01.2024

Жас қазақ теннисшісі Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде бірден 11-i3 сатыға көтерілді. Осылайша ол елімізде спорттың осы түрімен айналысатын жасөспірімдер арасында ең үздік көрсеткішке ие болды.

Халықаралық теннис федерациясының үздік жасөспірім ойыншылары қатарында Әмір Омарханов 16-шы орында. Бұған дейін ол ITF Juniors рейтингінде 27-ші сатыда болған еді. Аустралияның ашық чемпионатында көрермен көзайымына айналған ол ерлер арасында Қазақстан теннисшілерінен алғаш болып ширек финалға дейін жетті. Әлемдік рейтингіде өзінен жоғары тұрған бірнеше ойыншыны тізе бүктіргені қайран қалдырды. Соның арқасында ұпай санын еселеп сала берді.


Хабарламаларға жазылу