«Шахтер» мен «Астана» УЕФА рейтингісінде көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шахтер» мен «Астана» УЕФА рейтингісінде көтерілді

01.08.2014
«Шахтер» мен «Астана» УЕФА рейтингісінде көтерілді

Қарағандылық «Шахтер» мен елордалық «Астана» УЕФА рейтингісінде бірнеше сатыға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Шахтер» ойыншылары Еуропа Лигасының 3-ші кезеңіндегі алғашқы ойында хорватиялық «Хайдук» командасын ұтып, енді рейтингте 208-ші орынды иеленеді. Ал, бірінші кездесуде швециялық «АИК» командасымен тең түскен «Астана» бұл рейтингте 4 сатыға жоғарылап, 327-ші орынға көтерілді.

Чемпиондар Лигасының 3-ші кезеңіндегі алғашқы ойынында хорватиялық «Стяуа» командасымен 2:2 есебімен тең ойнаған Қазақстанның чемпионы «Ақтөбе» 172-ші орында.

 

Хабарламаларға жазылу