Кәсіби теннисшілер қауымдастығы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады

06.11.2023

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 33-тен 32-нші орынға көтерілді.

Ал АҚШ-тағы Челленджер турнирінде үздік шыққан 23 жастағы Бейбіт Жұқаев 247-ден бірден 52 сатыға жоғарылап, әлемнің 195-інші, Қазақстанның екінші ракеткасы атанды. Михаил Кукушкин 213-те қалса, Тимофей Скатов 211-ден 216-ға, Денис Евсеев 238-ден 239-ға сырғыды. Рейтингте сербиялық Новак Джокович көш бастаса, испаниялық Карлос Алькарас екінші, ресейлік Даниил Медведев үшінші орында тұр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу