Никита Чирюкин – әлем кубогының күміс жүлдегері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Никита Чирюкин – әлем кубогының күміс жүлдегері

31.01.2024

Сұрмергендер арасындағы әлем кубогы сайысында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан рейтингілік додада Никита Чирюкин күміс жүлде алды.

Жылдам атылатын тапаншамен 25 метрден оқ атқан ол 31 ұпай жинады. Дарынды сұрмегеніміз осылайша неміс спортшысынан басым түсті. Никита Чирюкин Әлем кубогында осымен үшінші мәрте жүлделі орынға ие болып отыр. Дәл осы рейтингілік сайыста ол былтыр бір алтын, бір күміс медаль алған еді.

Айта кетейік, Каирде өтіп жатқан Әлем кубогында 16 сұрмерген спортшымыз өнер көрсетіп жатыр. Әзірге қоржында 4 жүлде: 1 алтын, 1 күміс және 2 қола бар.


Хабарламаларға жазылу