Денис Никиша әлем кубогының күміс жүлдегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Никиша әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

19.02.2024

Шорт-трекші Денис Никиша Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды. Польшаның Гданьск қаласында өткен Әлем Кубогының шешуші кезеңінде жерлесіміз 500 метр қашықтықта бақ сынап, мәреге екінші болып жетті. Денис Никиша бұған дейінгі жарыстарда шорт-трек бойынша Әлем Кубогының екі алтын, бес күміс және төрт қола медальіне ие болғанын айта кетейік. Ол сондай-ақ Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері және Универсиаданың төрт дүркін қола жүлдегері.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу