Азия чемпионаты: Қазақстандық мергендер 2 олимпиадалық квота, 12 медаль жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия чемпионаты: Қазақстандық мергендер 2 олимпиадалық квота, 12 медаль жеңді

18.01.2024

Никита Чирюкин осылайша сұрмергендік танытты. Индонезия астанасында өткен Азия чемпионатындағы Ұлттық құрама мергендерінің нәтижесі тамаша! Олимпиадалық квота мен 12 медальді қанжығаға байладық. Жылдам атылатын тапаншамен нысананы дәл көздеуден шымкенттік Никита Чирюкин алдына жан салмады. 584 ұпай жинап, олимпиадалық квотаға қол жеткізді. «50 метрден пневматикалық винтовкамен үш позициядан оқ ату» дисциплинасы бойынша ақырғы айналымда Александра Ле бәрінен басым түсті. Алматылық спортшымызға да осылайша олимпиадалық квота бұйырды. Қоржынымыздағы 12 медальдің төртеуі - алтын, бесеуі - күміс, үшеуі - қола. Оқ атудан лицензиялық Азия чемпионаты Джакартада қаңтардың 5-і мен 18-і аралығында өткен болатын. Оған әлемнің 29 елінен 400-ден астам спортшы қатысты.


Хабарламаларға жазылу