Бейжің-2022: Бүгін Жанбота Алдабергенова мен Шерзод Хаширбаев жарыс алаңына шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің-2022: Бүгін Жанбота Алдабергенова мен Шерзод Хаширбаев жарыс алаңына шығады

10.02.2022
Бейжің-2022: Бүгін Жанбота Алдабергенова мен Шерзод Хаширбаев жарыс алаңына шығады

Бүгін 16:55-те «Qazsport» арнасында фристайл-акробатикадан командалық сайысқа Жанбота Алдабергенова мен Шерзод Хаширбаев шығады.

Жарыс алаңына шығатын спортшыларымыз жайлы:⤵️


Жанбота Алдабергенова 1995 жылы 23 қырқүйекте дүниеге келген. Фристайл-акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Жетістіктері:

2012 жылы Раубичи (Беларусь) қаласында өткен Еуропа Кубогының жеңімпазы;

2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қатысушысы;

2015 жылғы Сондрио (Италия) қаласында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері;

2016 жылы Мәскеудегі Әлем чемпионатының күміс жүлдегері;

2017 жылғы Дүниежүзілік Универсиада жеңімпазы;

2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасының қатысушысы;

2019 жылы Рука (Финляндия) қаласындағы Әлем чемпионатының алтын және қола жүлдегері;

2021 жылғы Рука (Финляндия) қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.



Шерзод Хаширбаев 2003 жылы 14 сәуірде дүниеге келген. ҚР спорт шебері.

Жетістіктері:

2020 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері.;

2021 жылы Юта штатында (АҚШ) өткен Солтүстік Америка кубогының алтын жүлдегері;

Әлем чемпионаты және Еуропа кубогына қатысып, үздік ондыққа еніп жүрген спортшы.


Хабарламаларға жазылу