V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысатын асықшылар Бурабайда дайындалып жатыр
Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысатын асықшылар Бурабайда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Қазақстанның намысын қорғайтын ойыншылар «Асық ату» және «Бес асықтан» дайындықтарын пысықтауда. Негізгі құрамадан көшпенділер ойынына қатысатын 4 ер мен 4 әйел іріктеліп алынған. Олардың шеберліктерін жетілдіру мақсатында күніне екі рет қызу дайындық жүріп жатыр. Негізгі мақсатымыз - «Асық атудан», «Бес асықтан» бас жүлдені жеңіп алу, - дейді бас бапкер. Бурабайдағы оқу-жаттығу жиыны 24-ші шілдеге дейін жалғасады. Құраманың бас бапкері Жомарт Сабыржанов онлайн режимде шетелдік командаларға да асық ойындарының ережесін, ерекшелігін түсіндіріп жүр.
Жомарт Сабыржанов, Асық атудан құрама команданың бас бапкері:
Жалпы асықтың насихаты жаман емес. Бүгінде 90 мыңдай жастар асық атумен айналысады. 1119 бапкеріміз бар. 20 өңірдің 18-де өзіміздің федерациямызды аштық. 60-тан аса асық атудан, бес асықтан Қазақстан Республикасының спорт шебері деген атақтары бар. Соның ішінде 2 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлеріміз бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге жасалған шабуылға байланысты СІМ мәлімдеме жасады
18.01.2026, 20:09
Д.Трамп: Иранға жаңа басшыларды іздейтін уақыт келді
18.01.2026, 20:07
21 жастағы Нұрайдың өлімі: Жақындары ең ауыр жаза тағайындауды сұрап отыр
18.01.2026, 20:02
Газдалған сусын, тәтті тағам, фаст-фуд: Бедеулікке не себеп?
18.01.2026, 20:01
800 мыңға жуық ер адам әйелдер ғана ауыратын аурулар бойынша скринингтен өткен
18.01.2026, 19:59
Сарапшы: Суды үнемдеуден бұрын оны есептейтін жүйе жоқ
18.01.2026, 19:51
20 қаңтарда Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтеді
18.01.2026, 19:50
Жеке мектептерге талап күшейеді
17.01.2026, 20:10