Отандық заңгерлер шетелде ел мүддесін қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық заңгерлер шетелде ел мүддесін қорғайды

30.01.2024

Қазақстандағы заңгерлік компаниялардың әлеуетін шетелде ел мүддесін қорғауға көбірек пайдалану керек. Әділет министрлігі осылайша отандық заңгерлердің ұлттық кадрлар корпусын қалыптастырамыз дейді. Бұл мәселе елімізде алғаш рет көтеріліп отыр. Мамандар бұл жоба бюджет қаражатын тиімді пайдалануға көмегін тигізетініне сенімді.

Ерлан Мұсабаев, ҚР Әділет министрлігі мемлекеттік мүлік құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары:

Отандық заң фирмаларының әлеуеті бұрыннан қолданылып келеді. Бірақ өте шектеулі мөлшерде еді. Енді қазіргі таңда Әділет министрлігі отандық заң фирмаларының көмегіне көбірек жүгінуге жоспарлап отыр. Айта кету керек, қазіргі таңның өзінде біз отандық заң фирмаларын, өзімізде тұрған даулар бойынша олардың ұсыныстарын қабылдап жатырмыз.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу